RU
Белгілі журналист терезесі скотчталған Астана-Семей пойызын көрсетті (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Белгілі журналист терезесі скотчталған Астана-Семей пойызын көрсетті (видео)

Рассказать Вконтакте

Отандық бірнеше бағдарламалардың продюсері, желіде белсенді блогер Дәулет Төлеутайұлы Астана-Семей бағытындағы жолаушылар пойызының вагондары адам шошырлық күйде екенін әшкере қылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Журналист өзінің Instagram парақшасына жариялаған видеосында вагонның терезелері скотчталып тұрғанын анық көрсеткен.

"2019 жыл... Астана (Нұрлы жол) - Семей бағытындағы #154 пойыз. ҚТЖ басшылығы қайда қарап отыр?! Семейіме дұрыс вагон таппай қалдыңдар ма?

"Рухани жаңғыру" деп вагондарды да жаңартсаңдаршы. Қытайдың скотчы бізге көмектеспейді", - делінген Дәулет Мұқаевтың жазбасында.

Сонымен бірге, ол өзі түсірген видеосында вагонның әрбір терезесін қолымен ұстап, "осыған адамдар ақша төлейді, сұмдық қой?" деп наразылығын білдіреді.

Мұны көрген желі қолданушылары сапасы сын көтермейтін пойыз вагондары жеткілікті екенін, соған қарамастан темір жол билеттері қымбаттай түскенін жарыса жазуда.

Сіздің реакцияңыз
21
2
0
0
2
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel