RU
Үшінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

Үшінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін жаңа істер бастамаған жөн. Жұмыс күні еш қиындықсыз өтеді, ал әлі демалып жүрсеңіз тіпті сәтті өтеді десе болады. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ үшінші қаңтарға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

Tv.ua

Көрнекі фото:Tv.ua

1. Тоқты

Бүгін Тағдыр сізге бірнеше сый тарту етеді. Мүмкіндікті жіберіп алмасаңыз, бақытты, табысты және ғашық боласыз. Ең бастысы жетістігіңізді айтып мақтанбаңыз, көз тиіп кетуі мүмкін.

2. Торпақ

Бүгін сіз ашуға бой алдырасыз, сондықтан сізге қарсы шықпаған жөн. Бәлкім, таңертең жаттығу жасап, салқын суға жуынсаңыз, бұл күні бойы ұстамды болуға септігін тигізеді. Егер күш-жігеріңіз жақсы жаққа бұрсаңыз, бұл қолайлы, әрі сәтті күн болады.

3. Егіздер

Бұл бейсенбі сіз үшін қуанышты күн. Қайда барсаңыз да сәттілік серігіңіз болады. Бұл жолы болғыштық энергиясы қасыңыздағы адамдарға да жұғысты болмақ. Соның арқасында барлығыңыз шаттыққа бөленіп, жетістіктерге қол жеткізесіз.

4. Шаян

Бүгін болашағыңыз туралы ойланыңыз. Жаңа жыл жаңа мүмкіндіктерді ұсынады, оларды дер кезінде пайдалана алмасаңыз, өмір бойы өкінесіз. Өзіңізді жайлы сезіну үшін жақын туыстарыңызбен араласыңыз, тіпті олар ұзақта болса да.

5. Арыстан

Бүгін көптеген қызықты оқиғаларға тап боласыз. Бұл оқиғалардың нәтижесі қандай болатыны өзіңізге байланысты. Зерек, байқампаз, ақкөңіл бола білсеңіз, болашақта пайдалы болатын адамдармен танысасыз.

6. Бикеш

Бүгінгі күннің оқиғаларына төтеп беру оңай болмайды. Бұл күн қолайсыз немесе сәтсіз болады деген сөз емес. Жай ғана оқиғалар сіз қалағандай өрбімейді. Ай ауып барады, сондықтан сіздің қуатыңыз тапшы. Ауыртпалықтармен күресетін күшіңіз сарқылады.

7. Таразы

Бүгін сақ болсаңыз дұрыс болады. Қандай да бір пайдалы ақпарат естіп, оны қолдануыңыз мүмкін. Жұлдыздар сізге бүгін ерекше байқампаздық қасиет сыйлады, сондықтан мүмкіндікті қалт жібермеңіз.

8. Сарышаян

Бүгін тек өзіңізді ойлайтын боласыз. Бірақ бұл дұрыс емес. Адамдармен аралассаңыз пайдалы ақпарат алуыңыз мүмкін.

9. Мерген

Бүгін жауапкершілікті талап ететін істермен айналыссаңыз сәттілікке қол жеткізесіз. Тек өзіңізге сенім артсаңыз дұрыс болады. Ал біреудің қолдауы қажет болса, бұл мәселеде қиындықтар туындауы мүмкін.

10. Тауешкі

Жаңа табыс көзін тауып, жұмыстағы мансабыңыз өсуі мүмкін. Бизнесіңіз ұлғайып, жылжымайтын мүлік сатып алуыңыз мүмкін. Адамдармен тез тіл табысып, жаңа достар табасыз.

11. Суқұйғыш

Бүгін үйреншікті жағдайлар өзгереді. Мерекелік күндерден демала аласыз. Ең дұрысы уақытты жұмыста өткізу, ондай мүмкіндік болмаса, көпшілік ортасына барыңыз.

12. Балықтар

Бүгін өзіңізді бір нәрсемен айналысуға көндіру оңайға соқпайды. Бүгін көп жұмыс істеп, күшіңізді сарқылтуға болмайды. Өзіңізге жаныңыз ашыса, көп нәрсе ұтасыз. Келесі аптада белсенділік танытуыңызға болады.

Сіздің реакцияңыз
1
3
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel