RU
Жаңа жылда ереже бұзғандарға салынатын айыппұл қаншаға өсті?
Жаңалықтар Қоғам

Жаңа жылда ереже бұзғандарға салынатын айыппұл қаншаға өсті?

Рассказать Вконтакте

Қазақстанда 2019 жылдың басынан бастап айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 5%-ға артты. 2018 жылы оның мөлшері 2 405 теңгені құраcа, енді 2 525 теңгеге тең. Яғни, автокөлік иелері ЖҚЕ бұзғаны үшін енді бұрынғыдан көбірек төлеу керек деп хабарлайды Kolesa.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мәселен, жылдамдықты 10-нан 20 км/сағатқа дейін арттырғаны үшін 5 АЕК көлемінде айыппұл қарастырылған. 12 025 теңгенің орнына 12 625 теңге төлеу керек.

Белгіленбеген орындардағы (тротуарда, клумб, газондарда) автокөлік тұрағы үшін қазақстандықтардан 24050 теңгенің орнына - 25250 теңге алынатын болады. (10 АЕК)

Әкімшілік жазалардың егжей-тегжейлі және толық кестесі мына жерде>>

  • Бұдан басқа, 1 қаңтардан бастап көлік салығы өсті.

Шағын литраж үшін (V 1,1-1,5 текше м.) көлік иелері 4 810 теңге емес, 5 050 теңге (2 АЕК) беру керек. Қозғалтқышының үлкен көлемі үшін 7 215 емес, 7 575 теңге.

Ал үлкен көлемді авто әуесқойларға - 17 АЕК. Осы жылдан бастап 281 385 теңгенің орнына 295 425 теңгені құрайды.

Сондай-ақ, ӘҚБтК-де кейбір өзгерістер енгізу жоспарланғаны белгілі болды. Қандай нұсқалар ұсынылғанын біз жоғарыда егжей-тегжейлі сараладық.

Сіздің реакцияңыз
5
2
2
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel