Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Біз бандамыз": ІІМ полицейлердің құттықтау видеосына қатысты жауап берді

Опубликовано:

Әлеуметтік желілерде полицейлердің әдеттегі жаңа жылдық құттықтаудан өзгеше, жаргон сөздері бар видеосы таралып кетті. Аталмыш роликке қатысты Ішкі істер министрлігі пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

"Біз бандамыз": Полицейлердің құттықтау видеосына қатысты ІІМ жауап берді
Видеодан алынған скриншот: UGC

ІІМ ресми өкілі Алмас Сәдубаевтың ақпаратынша, видеода сөйлеп тұрған ер адам ІІМ Қарағанды академиясы ведомстволық оқу орнының лауазымды тұлғасы екен.

Анықталғаны, бірінші курс студенттерімен құттықтау жолдаған бастықтың орынбасары болып шықты.

Сәдубаев роликтің толықтай зерттелгенін алға тартты. Нәтижесінде, видеоның Жаңа жыл қарсаңында, 31 желтоқсан күні, білім беру мекемесінде түсірілгені белгілі болды.

«Орын алған оқиға бойынша қызметтік тексеру жүргізіліп, оның нәтижелері бойынша аталған қызметкер мен оның басшылары жұмыстан босатуға дейін қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылады», - деп түйіндеді өз сөзін министрлік өкілі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771364-biz-bandamyz-iim-policejlerdi-kttyktau-videosyna-katysty-zauap-berdi/

pixel