RU
Назарбаев Путиннің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты
Жаңалықтар Әлемде

Назарбаев Путиннің қайғысына ортақтасып, көңіл айтты

Рассказать Вконтакте

Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинге көңіл айту жеделхатын жолдады деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.

Назарбаев

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото архив: Ақорда

Мемлекет басшысы Магнитогорск қаласында тұрғын үйдегі жарылыстың салдарынан адамдардың қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан қаза болғандардың туыстары мен жақындарының қайғысына ортақ екенімді жеткізуіңізді сұраймын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдіремін», – делінген жеделхатта.

Еске сала кетейік, 31 желтоқсан күні таңда Ресейдің Челябі облысының Магнитогорск қаласында 10 қабатты үйдің бір подъезді опырылып қалған болатын.

Соңғы ақпарат бойынша, қаза болғандардың саны жиырма бір адамға жеткен.

Тағы да оқыңыздар
Mailfire view pixel