RU
Алматыда науқаспен ауруханаға бара жатқан жедел жәрдем апатқа түсті (фото)

Алматыда науқаспен ауруханаға бара жатқан жедел жәрдем апатқа түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Алматыда Төле бе мен Байтұрсынов көшелерінің қиылысында салон ішінде науқасты алып бара жатқан арнайы жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырады деп хабарлайды Zakon.kz-е сілтеме жасаған NUR.KZ.

аоаооаоа

Фото оқиға орнынан: zakon.kz

Куәгерлердің айтуынша, Audi A6 маркалы автокөлігі Төле би көшесімен батыс бағытқа кетіп бара жатқан. Неміс иномаркасына қарама қарсы бетте дабыл дыбысы мен "бұрылу" белгісі қосылған жедел жәрдем көлігі жүріпті.

Сол уақытта дәрігерлік көліктің жүргізушісі Байтұрсынов көшесіне бұрыла бергенде, Audi соқтығысқан.
аоаооаоа

Фото оқиға орнынан: zakon.kz

Анықталғаны, жедел жәрдем ішінде токсикологиялық белгілері бар азамат болыпты. Ер адам бұл апаттан жалғыз өзі зардап шеккен.

Алматылық тұрғынды оқиға орнына шақырылған басқа арнайы көмек көрсететін көлік алып кетіпті.

Тәртіп сақшылары мән-жайды анықтайтын болады.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel