Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда мейрамханадағы адам өліміне қатысты үш күдікті қамауға алынды

Опубликовано:

Қарағандыда "Древний Рим" мейрамханасындағы жаппай төбелес нәтижесінде төрт адамды жарақаттап, біреуін өлтірді деген күдікпен үш адам қамауға алынды. Олар уақытша тергеу изоляторына тоғытылған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: vniib.spb.ru
Фото: vniib.spb.ru: Facebook

Анықталғандай, ауқымды төбелес екі топқа бөлінген ер адамдар арасында орын алған.

"Оқиғаға бір жағынан қазақ, армян және тағы басқа ұлт өкілдері қатысса, басқа жағынан азиат ұлтының өкілдері болды. Алдын ала мәлімет бойынша, өзара келіспеушілік ішімдік қолданғаннан кейін болған ұрыс-керістен туындаған" , - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз мәслихаты.

Полицейлер жаппай төбелестің ұйымдастырушылары мен барлық қатысушыларын анықтады.

"Қазіргі таңда үш күдікті уақытша тергеу изоляторына тоғытылды. Тағы бір күдіктіге іздеу салынды. Сотқа дейінгі тергеу "Адам өлімі" бабы бойынша жүріп жатыр", - деп хабарлады полиция департаменті.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағандыда банкеттен шыққан жігіттердің бірін-бірі пышақтап тастағаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771397-karagandyda-mejramhanadagy-adam-limine-katysty-s-kdikti-kamauga-alyndy/

pixel