RU
Астанада газ қоймасы атылып, алапат өртке оранды (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада газ қоймасы атылып, алапат өртке оранды (видео)

Рассказать Вконтакте

Астанада Байқоңыр ауданындағы газ сақтауға арналған қойма жарылып, аса үлкен өрт орын алды. Жалын шарпыған жарылыстың сәтін оқиға куәгерлері бейнекамераға түсіріп алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәлімдеуінше, өрт туралы хабар екінші қаңтарда кешкі уақытта келіп түскен.

ТЖК хабарлауынша, жалынның шарпуына газ сақтайтын қойманың атылып кетуі себеп болған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Өрт шыққан жерге келіп жеткен өрт сөндіру қызметі ағаштан жасалған қойманың өртеніп жатқанын анықтаған. Ол ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу жөніндегі қазақ ғылыми-зерттеу институтының аумағында орналасқан.

Өртке оранған жерден тағы да атылуы мүмкін болған 25 газ баллон шығарылды.

Анықталғандай, оқиғадан зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. қызыл жалын сағат 21:30-да толығымен сөндірілген.

Өртті тоқтату шарасына 31 өрт сөндіруші мен бес арнайы техника жұмылдырылды.

Ескерту! Видеода бейәдеп сөздер кездеседі!

Сіздің реакцияңыз
0
3
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel