RU
Магнитогорсктегі апат: Қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті
Жаңалықтар Әлемде

Магнитогорсктегі апат: Қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті

Рассказать Вконтакте

Магнитогорсктегі үйдің опырылуынан қаза тапқандардың саны 33 адамға жетті. Апат құрбандары арасында алты бала бар екені анықталды деп жазады ТАСС агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Фото: Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

31-ші желтоқсан күні орын алған қайғылы жағдайда қаза тапқандардың саны күн сайын өзгеруде. Құтқарушылар үйіндінің астынан алып шыққан өлі денелер саны бүгінде 33 адамға жеткен.

"Бүгін үйінді астынан ер адамның денесі шықты. Ол оқиғаның 33-ші құрбаны болды", - деді Ресейдің Төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі.

Құтқарушылар оқиға орнында әлі де жұмысын жалғастыруда. Әзірге, тағы сегіз адамның тағдыры белгісіз қалуда.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, қайғылы жағдайда алты бала қаза тапқан.

Айта кетейік, бұған дейін Магнитогорсктегі үйдің опырылып қалғаны туралы хабарлаған болатынбыз. Оған қоса, оқиғада үйінді астында бір жарым күн бойы жатқан сәби аман қалған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
6
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel