RU
Жезқазғанда мұғалімді аңдып, күрекпен өлтірмек болған ер адам ұсталды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Жезқазғанда мұғалімді аңдып, күрекпен өлтірмек болған ер адам ұсталды

Рассказать Вконтакте

Пәтер маңын күрек және пышақпен күзетіп жүріп, мектепке жұмысқа бара жатқан мұғалімді бірнеше жерден жарақаттаған Жезқазған тұрғыны сот шешімімен екі айға қамауға алынды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Жезқазғандамұғалімді аңдып жүріп, күрекпен өлтірмек болған ер адам ұсталды

Көрнекі фото: msk-news.net

Қалалық соттың судьясы Қадыров Қабылда тергеушінің сұранысын қанағаттандырып, күдіктіні екі айға қамауға алуға шешім шығарды. Қылмыстық істі тергеуге қылмыстық іс жүргізу кодексінде дәл осындай уақыт беріледі.

Мұғалімнің бұрынғы күйеуі Қылмыстық кодекстің 24-99-бабындағы "адам өлтіруге оқталу" фактісіне тартылды.

Зардап шеккен әйел жансақтау бөлімінде ауыр халде жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, белгісіз азамат таңғы сағат 8:00-де жұмысқа бара жатқан жерінен мұғалімге бірнеше рет пышақ жарақатын салған болатын.

Сондай-ақ, ол оны күрекпен ұрған, салдарынан жәбірленушінің денесінде көптеген сынықтар бар. Полицейлер оны жедел ұстап алды.

Сіздің реакцияңыз
0
5
3
1
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel