RU

Астана әуежайында 16 рейс кейінге шегерілді

Астана әуежайында 16 рейс кейінге қалдырылып, үш рейс тоқтатылды. Бұл ретте кешігулер мен тоқтатулар ұшып шығу мен ұшып келуге де қатысты болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: UGC

Нұрсұлтан Назарбаев әуежайындағы онлайн-таблода көрсетілгендей, LOT әуекомпаниясының Варшавадан ұшатын рейсі мен Scat әуекомпаниясының Шымкенттен бір, Өскеменнен екі рейс, сондай-ақ, Ақтау, Ақтөбе, Тараз бен Вильнюс рейстері кешіккен.

Ал Air Astana әуекомпаниясында Ақтау мен Омсктан Астанаға, Qazaq Air әуекомпаниясында Алматыдан елордаға ұшатын рейстер кешікті.

Ал ұшуға келер болсақ, Scat әуеокомпаниясының Алматы мен Таразға рейстері, Air Astana компаниясынан Омсқа, ал Qazaq Air-де Алматы мен Ақтөбеге рейстер кешіктірілген.

Сонымен қатар, Scat әуекомпаниясының Астанадан Шарм-эль-Шейхке және Шарм-эль-шейхтен Қазақстанның елордасына ұшатын рейстері, Air Astana әуеокомпаниясының Алматыға ұшатын рейсі тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771426-astana-uezajynda-16-rejs-kejinge-segerildi.html