Таиландтағы дауыл: Сыртқы істер министрлігі ескерту жасады
Қазақстанның сыртқы істер министрлігі отандастарға Таиландың оңтүстігіне қатты дауыл жылжып жатқанын ескертеді деп хабарлайды ведомстваның баспасөз-қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Berlin/imagebroker.com/Global Look Press
Ведомстваның жазуынша, тай билігінің ресми ақпараты бойынша, "Пабук" дауылы елдің оңтүстігіне қарай жылжуда.
Қатты нөсер 3 және 4 қаңтар күндері Сураттхани, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Краби, Транг және Сатун елді мекендерінде, 4 және 5 қаңтарда - Пхетбури, Прачуапкхирикхан, Накхонситхаммарат, Пхаттхалунг, Сонгкхла, Паттани, Яла, Наратхиват, Ранонг, Пхангнга, Пхукет, Краби, Транг және Сатун аймақтарында болады деп күтілуде.
Сыртқы саясат ведомствасы қазақстандықтарға төтенше жағдайлар кезінде Тайландағы еліміздің елшілігіне хабарласуды сұрайды.
Телефон нөмірлері осы жерде.
Бангкок қаласындағы елшіліктің мекен-жайы 93/1 Wireless көшесі, GPF Witthay Towers “A", 804 А кеңсесі. Телефон нөмірі: 8-10-66-2254-30-43.