RU
Астанадағы түнгі клуб сал ауруына шалдыққан қыздың арызына жауап берді
Жаңалықтар Қоғам

Астанадағы түнгі клуб сал ауруына шалдыққан қыздың арызына жауап берді

Рассказать Вконтакте

Астана қаласындағы ойын-сауық орталығының әкімшілігі сал ауруына шалдыққан бойжеткеннің арызына жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бар қызметкерлері бұл мәселеге қатысты өздерінің Facebook парақшасында мәлімдеген.

Олардың сөзінше, оқиғада алдын-ала ойластырылған ештеңе болмапты. Клуб әкімшілігі сағат 21:00-ден кейін көптеген барларда кейбір тұлғалардың кіруін шектейтін фейс-бақылау жүргізеді екен.

"Бұл жерде мәселе мүгедектікте емес. Кез келген адам да фейс-бақылаудан өтпей, кіре алмай қалуы мүмкін", - деді олар.

Клуб жұмысшылары кейде келушілерге белгілі бір себептерсіз-ақ қызмет көрсетуден бас тартатындарын айтты. Олар болған оқиғаға өкінетінін айтып, бойжеткеннен кешірім сұрады.

"Біз міндетті түрде қызметтік тексеріс жүргіземіз. Күзет қызметіне қатысты сұрақтарды да назарға алып, орын алған жағдайды реттейміз", - деді олар.

Айта кетейік, осыған дейін сал ауруына шалдыққан астаналық қыз түнгі клубқа кіре алмағанын айтып, Facebook парақшасында арызын қалдырған еді.

Бұл мәселе қоғамда қызу талқыға түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel