RU

БАҚ: Головкин үшінші рет әке атанады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің отбасы үшінші балаларын күтуде. Бұл туралы The Ring журналының авторы Майк Коппинджер өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады деп жазады NUR.KZ.

sports.kz
Фото:sports.kz: Facebook

Журналист GGG баласының туылуын күтіп отырғанын, содан кейін барып жаңа телесерік туралы шешім қабылдайтынын жазған. Осы мәселеге қатысты нақты ақпарат қаңтар-наурыз айларында берілуі тиіс.

Инсайдердің айтуынша, Геннадий Головкин PBC, DAZN және ESPN арасынан таңдау жасайды.

Осыдан бұрын қазақстандық спортшының таңдауын 2018 жылдың соңына дейін жасайтыны айтылған болатын.

Алайда боксшының отбасындағы осы қуанышты оқиғаға орай мерзімдер кейінге қалдырылған көрінеді.

Айта кетер болсақ, GGG мен жұбайы Алинаның екі баласы бар: 9 жастағы Вадим есімді ұлдары және есімі әлі күнге дейін белгісіз қыз бала.

Қыз бала 2017-ші жылдың қыркүйек айында туылған болатын.

Әлемге танымал спортшының жұбайы жариялықты ұнатпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771448-bak-golovkin-sinsi-ret-ke-atanady.html