RU
Бесінші рет имамға тұрмысқа шыққан келіншек жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Бесінші рет имамға тұрмысқа шыққан келіншек жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Өмірдің сынағына ілігіп, бесінші рет тұрмысқа шыққан келіншек мұңын шағып, өзегін өртеген өкініші туралы айтты. Гүлнәзира Салықова шырғалаңға толы тағдырын "Алаш айнасы" сайтына жазған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: goexplore-weddings.com

Көрнекі фото: goexplore-weddings.com

Бірінші рет профессорға тұрмысқа шыққан Гүлнәзира есімді келіншек алғашында оның ойынан бейхабар болғанын айтады. Студент кезінде ұстазымен бас қосқан ол зәулім үйде тұрып, өзінен әлдеқайда жасы үлкен жұбайына ұл да туып берген екен.

Алайда арада бірнеше уақыт өткен соң күйеуі ойда-жоқта көз жұмып, жетім өскен келіншек жесір қалады.

Осыдан кейін марқұм жұбайының туыстарынан қорлық көрген әйелдің тіпті, ұлына мұрагерлікке берілген үйді де алып қалуға мүмкіндігі болмапты. Артынша ол баласын әпкесіне тастап, қалаға жұмыс істеуге аттанған екен.

Баласын асырап, жақсы өмір сүргісі келген келіншек ендігі мақсаты қалтасы қалың жігіттің етегіне жармасу екендігін ұғады. Осылайша, ол даяршы болып қызмет істеп жүрген мейрамханада Саят есімді жүргізушімен танысады.

Алғашында өз пәтерлері мен көліктері бар екенін айтып мақтанған Саят Гүлнәзираның басын айналдырып тастайды.Шалқыған өмірге еліктеген әйел қарағандылық азаматтың соңынан ілесіп кете барады.

Сөйтсе, байлығы туралы аузы көпіріп әңгімелеген Саят жұпыны жанұяда тұратын болып шығады.

Ол аздай, Алматыға көшкен соң бір-екі күнге қонаққа келген Гүлнәзираның ұлына оң қабақ та таныта қоймаған екен.

Екінші азаматынан көңілі қалған келіншек киім-кешегін жинап кетіп қалған.

Көп ұзамай құрбысымен келісіп, базарда жұмыс істеген ол біраз уақыттан соң ол Ернұр есімді танысымен бас қосады.

Аз ақша тапқаны үшін әйелі үйінен қуып жіберіп жүрген азамат күн өткен сайын Гүлнәзираға жақындай түсіп, ақырында екеуі бір шаңырақ астында тұруға шешім қабылдайды.

Әпкесінен баласын әкеліп, жап-жақсы отбасы болып жатқанда келіншектің төбесіне қара бұлт үйірілгендей болады. Нақтырақ айтқанда, күзеттегі жұмыстың ақшасын аз көрген Ернұр құжаттарын алу үшін Алматыға аттанып, сол бойы оралмайды.

Ал жүкті болып қалған Гүлнәзира баласын босанып, өзі асырауға мәжбүр болады.

Енді тұрмысқа шығу туралы мүлде ойламаймын деп шешкен Гүлнәзира мектепте Сәбит есімді мұғаліммен танысады.

Жұбайы көз жұмған азамат жалғыз қызын тәрбиелеу оңайға соқпай жүргенін айтқан екен. Күн өткен сайын үйге келіп жүрген қызы да Гүлнәзираға бауыр басып қалады.

Осылайша, келіншек төртінше рет тұрмыс құрып, бақыттан тағы да үміт күтеді.

Алайда, Сәбиттің қызғаншақтығы, әр баланың әкесін айтып, бұрынғы күйеулері туралы сөз еткені Гүлнәзираны мезі етіп жібереді. Уақыт өте келе, мектепте мұғалім болып істейтін күйеуі жұбайын тепкі астына ала бастапты.

Бұл қорлыққа шыдамаған әйел тәуекелге бел буып, ажырасу туралы шешім қабылдайды.

Уақыт өте балаларының әкесіз өскенін, жетім атанбағанын қалаған Гүлнәзира бесінші рет тұрмыс құруға бел буған.

Оның сөзінше, қазіргі күйеуі ешқашан шаңырақ көтермеген имам екен.

Ер азаматтардан әбден көңілі қалған келіншек енді дін жолындағы жұбайы шектен шықпас деп үміттенеді.

Сіздің реакцияңыз
25
7
10
10
2
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel