RU
Қарағандыда "өз бандасын" құттықтаған шенді азамат жұмыстан қуылды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Қарағандыда "өз бандасын" құттықтаған шенді азамат жұмыстан қуылды (видео)

Рассказать Вконтакте

Өз "бауырлары" мен "бандасын" жаңа жылдық мерекемен құттықтаған Ішкі істер министрлігі Қарағанды академиясының қызметкеріне қатысты шешім шығарылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан скриншот

Фото: Видеодан скриншот

Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Алмас Садубаевтың мәлімдеуінше, видеодағы басты кейіпкердің әрекетін тәртіптік комиссия қараған.

Нәтижесінде, Қарағанды академиясының бірінші курс бастығының орынбасары Тастайбековты "Мемлекеттік қызметке кір келтіретін теріс қылық жасағаны үшін" жұмыстан босату туралы шешім қабылданды.

Сонымен қатар, тәртіптік сипаттағы қатаң жауапкершілікке оның тікелей басшылары мен ведомстволық оқу орнының басшылығы да тартылды.

Айта кетейік, осыған дейін әлеуметтік желіде полиция қызметкерінің өз әріптестерін "бауырлары" мен "бандаға" теңеп, жаңа жыл мерекесімен құттықтаған видеосы тараған еді. Кадрдан көптеген курсанттарды да аңғаруға болады.

Сіздің реакцияңыз
9
0
0
0
0
9
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel