RU
"Тапсырыспен өлтірген": Денистің өліміне қатысты қорғаушы пікір білдірді

"Тапсырыспен өлтірген": Денистің өліміне қатысты қорғаушы пікір білдірді

Рассказать Вконтакте

Бүгін Алматыда қарақшылардың қолынан қаза тапқан Денис Теннің өліміне қатысты екінші сот отырысы өтті. Сот залынан шыққан соң тілшілердің сұрағына жауап берген жәбірленуші тараптың қорғаушысы Нұрлан Өстеміров әлі де "бұл қылмыс тапсырыспен жасалған" деген пікірде екенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Денис Тен

Денис Тен және күдіктілер. Фото: Instagram, NUR.KZ

"Менің жеке пікірім: қылмыс тапсырыспен жасалған және қолымнан келсе, осыны дәлелдеуге тырысамын.

Мәселе - бұл әрекеттердің барлығы жай ғана жақсы ойластырылғаны болып тұр. Бірақ көп қателік жіберілген.

Егер ұрлықшылар тонау үстінде ұсталса, олар төбелес шығармай, бірден қашуы керек еді. Өздеріңіз ойлап қараңыздар. Ұрының аты ұры. Өзіне керек нәрсесін алса болды, қаша жөнеледі.

Сондай-ақ, мұндай қылмыстар әдетте тек кеш батқанда не түн ішінде істеледі. Бірақ олар күндіз ұрлауды жөн санапты.

Менің ойымша, олар Денистің шыққанын күтіп тұрып, көз алдында көліктің терезесін ұрлай бастаған.

Содан соң темір тұлпар тұрған жерден әрі қарай барған болып тұр. Бірақ ол жерде не болғаны видеоға түспегендіктен білмейміз. Мұны анықтау керек", - деді Өстеміров.

Естеріңізге сала кетсек, бұған дейінгі сот отырысында Тен отбасының адвокаты бүкіл елді қан жылатып, жазда жасалған жантүршігерлік қылмыстың арнайы тапсырыспен жасалғанын мәлімдеген болатын.

Сонымен қатар, бүгін, 3 қаңтар күні Алматыда өткен сот отырысында күдікті азаматтар ұрлыққа барғандарын мойындаса да, "кісі өлтірді" деген айыппен келіспейтіндерін жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
5
2
1
7
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel