Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облысында білім басқармасының басшысы тұтқындалды

Опубликовано:

Атырау облысында білім басқармасының жетекшісі тұтқындалды. Басқарма басшысымен қоса, оның бірнеше қызметкері де күдікке ілінген. Бұл туралы облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметі мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

Фото: vesti.ru
Фото: vesti.ru: Facebook

Білім басқармасы басшысының тұтқындалуына қатысты Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов пікір білдірді.

Шенеуніктің мәлімдеуінше, тергеу аяқталғанша орын алған оқиғаны бағалау аса қиын.

"Құзырлы орган қызметкерлерінің жұмысына сенімсіздіктің туындауы біз үшін алаңдатарлық жайт", - деді әкім орынбасары.

Оған қоса, шенеуінік жақын арада барлық басқармаларды аудиторлық тексеріс күтетінін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/politics/1771485-atyrau-oblysynda-bilim-baskarmasyny-bassysy-ttkyndaldy/

pixel