RU
Қуандық Рахым: Ішімдіктің де, темекінің де дәмін көрмедім
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Қуандық Рахым: Ішімдіктің де, темекінің де дәмін көрмедім

Рассказать Вконтакте

Отандық эстраданың жарық жұлдызы Қуандық Рахым кішкентайынан өз әлемімен ерекшеленгенін, Алматыға келген соң қазіргі заман көшіне ілескенін айтты. Бұл туралы әнші Әйгерім Сейфолланың "Сырласу" бағдарламасына берген сұхбатында мәлімдеді деп жазады NUR.KZ.

"Мен өте тұйық болдым. Жанымда отырған адаммен сөйлесіп кету, араласып кету өте қиын еді. Өзімнің әлемімде жалғыз жүргенді жақсы көретінмін. Одан кейін Алматыға келген соң балалармен араласып, ашыла бастадым. Кішкене ширақтықтың не екенін сезіндім.
Бізді қорқытып жіберген ғой. "Алматыға барғанда қасқыр болмасаң болмайды, ол жақта өмір сүру керек" деп. Соған бейімделіп, адамдардың тілін табатын болып кеттік. Оған дейін тұйық едім. Үйіме келіп, бөлмемді жауып алып, жалғыз өзім ән айтқанды ұнататынмын. Жолдас балаларым ойнап жүргенде мен ән айтқанды, өзіммен - өзім кітап оқып жатқанды жақсы көретінмін. Мені сыртқа шығара алмайтын", - деді әнші.

Одан бөлек, Қуандық Рахым осы уақытқа дейін бірде-бір рет ішімдік ішіп, темекі шегіп көрмегенін де алға тартты.

"Иә, рас! Осы уақытқа дейін темекінің де, ішімдіктің де дәмін татып көрген емеспін. Ортамның өзі сондай болды. Туған жерім Сәтпаев қаласында, одан кейін Алматыда… Әйтеуір Алла Тағала ондай ортадан алыстатып, ортамды күшті етіп қояды. Ортамның біреуі ішпейді, біреуі тартпайды. Тіпті, қазіргі заманда жастардың арасында “хит” боп жатқан кальянды да татып алмайды. Солардың жанында жүріп осындай болған шығармын деп ойлаймын", - деді ол.

Жақын арада Төреғалимен дуэт орындауды жоспарлаған Қуандық қазіргі уақытта жұмыс кестелерінің сәйкес келмей жүргенін айтты. Сондай-ақ, ол өзінің жұлдыз ауруына шалдықпағанын жеткізді.

"Ешқандай досыммен араласпай кеткенім жоқ. Тек сыртымнан, Instagram-нан білетін адамдар “жұлдыз ауруына шалдықты” деп айтса, айтқан шығар. Бірақ өзіме өзгермеген сияқтымын. Анам да солай дейді”, – деп ағынан жарылды әнші.

Естеріңізге сала кетейік, Қуандық Рахымның әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
1
2
0
2
1
15
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel