RU
Астанада жолаушы тасымалдайтын автобус отқа оранды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада жолаушы тасымалдайтын автобус отқа оранды

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының №41 бағдарлық автобусынан жұмыс уақытында өрт шықты деп хабарлайды төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Төтенше жағдайлар комитеті

Фото:Төтенше жағдайлар комитеті

Оқиға үшінші қаңтар күні орын алған.

№41 бағдарлы автобусы Шәкәрім Құдайберген даңғылында өртене бастағаны хабарланған. Автобустың артқы дөңгелегі жалынға оранған.

Өрт 12:36-да ауыздықталып, 12:38-де өшірілген.

Айта кететіні, оқиғадан автобус жолаушылары жапа шекпеген.

Қазіргі уақытта өрт себептері анықталып жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
1
0
3
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel