Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жантүршігерлік жол апатынан аман қалған Айзада Сатыбалдиева әлі жансақтау бөлімінде жатыр

Опубликовано:

Алматы қаласындағы жантүршігерлік жол апатынан аман қалған актриса Айзада Сатыбалдиеваның жағдайы әлі қалпына келмеген деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды
Фото: Ғаламтордағы ашық дереккөздерден алынды: Depositphotos
"Актрисаны жедел жәрдеммен ауруханаға ауыр халде жеткізілді. Қазіргі кезде оның жағдайы бір қалыпты ауыр деп бағалануда. Қарқынды емдеу шаралары жүргізіліп жатыр", - деп хабарлады Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасының өкілдері.

Еске сала кетейік, 29-шы желтоқсан күні Абай даңғылы мен Сейфуллин көшелерінің қиылысында жантүршіктірер жол апатынан үш адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында актриса Шолпан Елгезекова бар.

Жол апатынан тек Айзада Сатыбалдиева аман қалған.

Куәгерлердің сөзінше, Gelandewagen көлігі бағдаршамның қызыл жарығына өтіп кетіп, орнынан қозғалған көлікті соққан. Көлік жүргізушісі оқиға орнынан қашып кеткен, алайда ол 30-шы желтоқсан күнін тұтқындалды.

Жол апатының себепкері көлікті мас күйінде жүргізгені анықталған. Оқиғаны тергеу ІІМ-нің бақылауына алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771510-zantrsigerlik-zol-apatynan-aman-kalgan-ajzada-satybaldieva-li-zansaktau-bliminde-zatyr/

pixel