Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ресторан жанында пышақтаған: Қарағандыда сот күдіктілерді тұтқындады

Опубликовано:

Бүгін 3 қаңтарда тергеу соты "Древний Рим" рестораны жанында пышақтаған үш күдіктіні қамауға алу туралы санкциясын шығарды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: newsarmenia.am
Көрнекі фото: newsarmenia.am: Facebook

Қарағанды облысы сотының баспасөз қызметі Сокак Малхасян, Торгом Малхасян және Каир Надырбековты ұстау туралы шешім қабылданғанын жазды.

"Олар екі айға қамалды. Құқық қорғау органдарынан қашып іздеу салынған күдікті Нарек Гурурянға да қамау жазасы бекітілетін болды.
Тергеу соты тергеушінің өтінішімен оның қатысуынсыз санциялады", - деді соттың баспасөз қызметі.

Бүгін үш күдікті уақытша ұстау изоляторынан тергеу изоляторына ауыстырылды.

Еске сала кетсек, Қарағандыда банкеттен шыққан жігіттер бір-бірін пышақтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771511-restoran-zanynda-pysaktagan-karagandyda-sot-kdiktilerdi-ttkyndady/

pixel