Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Прокуратура: Қарағандыдағы төбелеске ұлтараздық алауыздық себеп болмаған

Опубликовано:

Прокуратура Қарағанды мейрамханасының жанында болған төбелес этносаралық сипат алды деген хабарламаны жоққа шығарды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото:© Sputnik / Рамиль Ситдиков
Фото:© Sputnik / Рамиль Ситдиков: Instagram
"Әлеуметтік желілерде кейбіреулер жағдайды тұрақсыздандыруға тырысып, Қарағандыдағы төбелестің себебі туралы қасақана жалған мәлімет таратып жатыр", - деп жазылған облыс прокуратурасының үндеуінде.

Прокуратура арандап қалмауға шақырып, заңсыз митингі ұйымдастыруға және оған қатысуға әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертті. Ұлтараздық өшпенділік пен алауыздықты тудыруға бағытталған қасақана іс-әрекеттер жасағандар да сотталып кетуі мүмкін.

Естеріңізге сала кетейік, 31 желтоқсаннан 1 қаңтарға қараған түні Қарағанды мейрамханасының клиенттері төбелесіп қалды.

Қақтығысқа ұрыс-керіс себеп болған. Жанжал қатысушылары трагедияға дейін спирттік ішімдік ішкен.

Салдарынан 23 жастағы жігіт көз жұмып, тағы үшеуі жарақат алды.   

Қазіргі уақытта күдіктілердің үшеуі қамауға алынды. Төртіншісіне республикалық іздеу салынды.

Бейсенбіде облыстық полиция департаменті олардың фотосуреттерін жариялады.

Қылмыстық кодекстің 99-бабы ("Кісі өлтіру") және 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771516-prokuratura-karagandydagy-tbeleske-ltarazdyk-alauyzdyk-sebep-bolmagan/

pixel