Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркияның танымал ток-шоуына Димаш Құдайбергенов жайлы сұрақ енгізілген (видео)

Опубликовано:

Димаш Құдайбергенге қатысты сұрақ Түркияның "Миллион кімге бұйырады?" бағдарламасында қойылды деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Әншінің жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ
Фото: Әншінің жеке парақшасы, коллаж: NUR.KZ: Instagram

Бұл туралы әнші Instagram парақшасында жазды.

Видеодан жүргізушінің Димаш Құдайбергеннің орындауындағы "Любовь уставших лебедей" әнін жасырып, қай тілде орындалғанын сұрағаны байқалады.

Ал қатысушы сұраққа дұрыс жауап беріп, келесі кезеңге өткен.

Желі қолданушылары әншінің жетістігіне қуанып, толағай табыстар таусылмасын деген жылы лебіздерін жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1771533-trkiany-tanymal-tok-souyna-dimas-kdajbergenov-zajly-srak-engizilgen-video/

pixel