RU
Олжас Сүлейменовтың немересінің өлімі: Мұхитова Ескендірдің моласына барып, кешірім сұрады

Олжас Сүлейменовтың немересінің өлімі: Мұхитова Ескендірдің моласына барып, кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Астана қаласының Есіл ауданының сотында Ескендір Сүлейменовтың өліміне қатысты іс жалғасып жатыр. Мұхитова екі жылға бас бостандығынан айыру туралы сот үкіміне шағым түсірді деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ/sputniknews.kz

Фото: NUR.KZ/sputniknews.kz

Сот алдында сөйлеген Малика Мұхитованың адвокаты, бойжеткеннің Ескендірдің моласына барып қайтқанын мәлімдеді.

"Малика бесінші қыркүйек күні Ескендірдің моласына барып, болған жағдай үшін одан кешірім сұрады. Маликаның бір аяғы жоқ нағашы атасы екі рет Олжас Сүлейменовқа барды. Тіпті немересінің ауыртпалығын жеңілдету үшін өз өмірін құрбан етуге дайын екенін жеткізді", - деп мәлімдеді адвокат.

Адвокат жол көлік апатына Мұхитованы кінәлі деп есептемейтінін жеткізді. Қорғаушының сөзінше, қайғылы оқиғаға жылдамдықты арттырған Ескендірдің өзі себеп болған.

Маликаның өзі кінәсін толық мойындап тұр. Сотта ол көзіне жас алып, оны бас бостандығынан айырмауды өтінді.

"Тағы да Ескендірдің жақындарынан кешірім сұрағым келеді. Мұны айтқан сайын қиналамын. Бәрімізге оңай емес. Өз кінәмді мойындаймын! Кешірулеріңізді сұраймын. Мені бас бостандығымнан айырмаңызшы", - деді Малика.

Ескендірдің ата-анасы сотқа қатыспады. Өздерінің өкілдерінен олар сот үкімін өзгеріссіз қалдыруды сұрайтындарын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
11
2
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel