RU

Өскеменде әйел адам көшенің қақ ортасында қайтыс болды

Өскеменде қаланың қақ ортасында әйел адам қайтыс болды. Жүргіншілер жедел жәрден шақырғанымен ол өмірден өтіп кеткен деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: goloskarpat.info
Фото: goloskarpat.info: Instagram

Полицияның мәліметінше, әйел адамның тыйым салынған нәрсе қолдануы мүмкін.

Қайғылы оқиға Өскеменнің Қазақстан көшесінде орын алған. Түскі сағат 11:00 уақытында жүргіншілердің бірінің жағдайы күрт нашарлаған.

Әйел адам көшедегі орындықтардың біріне отырған. Ал өзге жүргіншілер жедел жәрдем шақырыпты.

Полиция әйел адамның өлімі жайлы ақпаратты растаған.

"102 нөміріне орындықта жатқан белгісіз әйел адамның денесі жайлы ақпарат келіп түсті. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді", - деді Өскеменнің полиция басқармасында.

"Полицейлер әйелдің денесінен зорлық іздерін таппады. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықиалып жатыр", - деді Шығыс Қазақстан полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771535-skemende-jel-adam-kseni-kak-ortasynda-kajtys-boldy.html