Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ескендір Сүлейменовтың анасы сотта мәлімдеме жасады

Опубликовано:

Қайтыс болған Ескендір Сүлейменовтың ата-анасы екі жылға бас бостандығынан айыру туралы сот шешімінің апелляциалық шағымы қаралып жатқан сот отырысына келмеді деп хабарлайды NUR.KZ.

NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC

Сот отырысына отбасының өкілдері келді. Олар Ескендірдің анасының өтінішін оқып берді.

"Мен жәбірленуші тарап ретінде, Мұхитованың үкімін өзгеріссін қалдыруды сұраймын. Мен біреудің немғұрайлылығының салдарынан баласынан айырылған ана болғандықтан, пікірімді басым деп есептеуді өтінемін", - деп жазылған сотқа арналған өтініште.

Айта кететіні, сот отырысында заңгерлер Олжас Сүейменовтың сөздерін де оқыды.

Онда ол немересінің Қазақстаннан Еуропаға кетіп қалмағанына өкінетінін айтқан.

Айыпталушы Малика Мұхитова көз жасына ерік беріп, соттан оны бас бостандығынан айырмауды сұрады.

Бойжеткеннің адвокаты, Маликаның Ескендірдің моласына барып, кешірім сұрағанын мәлімдеді.

Келесі сот отырысы Астана қаласының Есіл ауданында 11-ші қаңтар күні өтеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771542-eskendir-slejmenovty-anasy-sotta-mlimdeme-zasady/

pixel