RU
"150 миллион": Роналду Instagram желісіндегі оқырмандар саны бойынша рекорд орнатты

"150 миллион": Роналду Instagram желісіндегі оқырмандар саны бойынша рекорд орнатты

Рассказать Вконтакте

"Ювентус" футбол клубының және Португалия құрамасының шабуылшысы Роналду Instagram-дағы оқырмандар саны жағынан рекорд орнатты. Қазір споршының өмірін 150 миллион адам бақылап отыр. Бұл туралы life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Роналдудан кейін көшбасында АҚШ әншісі Селена Гомес тұр. Эстрада жұлдызының 114,5 миллион тіркелушісі бар.

Салыстырмалы түрде қарасақ, тележұлдыз Ким Кардашьянның бүгінгі таңда 123 миллион оқырманы бар.

Instagram желісінде басқа да спортшылар мен футболшылар оқырмандар санымен мақтана алады.

Мысалы, Бразилия құрамасының шабуылшысы Неймарға 108 миллион адам тіркелген. Ал үшінші орынға "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси орналасқан. Оның Instagram-да 105 миллион оқырманы бар.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel