RU
Оралда шағын автобус дүкенді құлатып кетті

Оралда шағын автобус дүкенді құлатып кетті

Рассказать Вконтакте

Оралда шағын автобус "Сандықтар" дүкеніне кіріп кетті деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігі.

Көрнекі фото: Pavlodarnews.kz

Көрнекі фото: Pavlodarnews.kz

Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 1 қаңтар күні болған.

Сағат 04.00 шамасында "Peogeot" автокөлігінің жүргізушісі С.Даумов көшесімен келе жатып, рөлге ие бола алмай, "Сандықтар" дүкеніне соғылған.

Жол апатынан соң жүргізуші ауруханаға жеткізілген. Қазіргі уақытта келтірілген шығын анықталуда. Ал ауруханада жатқан азамат кейін әкімшілік жазаға тартылады.

Дүкен иесі Біржан Қожақовтың айтуынша, шағын автобус дүкендегі дайын тұрған өнімдерді, жұмыс істейтін аппараттарды қиратып кеткен.

Оған қоса, дүкен иелері келгенше белгісіз біреулер оны тонап кетіпті.

"Енді мұнда жұмыс істеу мүмкін емес. Қыс ішінде ғимарат табу қиын екен. Облыс әкіміне де кірсем бе деп отырмын", - деді өзі сияқты мүгедек жандарға жұмыс тауып беріп отырған Б.Қожақов.
Сіздің реакцияңыз
2
2
3
2
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel