RU
Ақтөбеде қаржылық пирамида құрушысына қатысты өткен сот айқай-шумен аяқталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде қаржылық пирамида құрушысына қатысты өткен сот айқай-шумен аяқталды

Рассказать Вконтакте

Ақтөбеде қаржылық пирамида құрушысына қатысты өткен сот үкімі айқай-шумен аяқталды. "UNNNITY corporation"  жеке серіктестігінің қожайыны Қуаныш Жақсылықов  алты жылға бас бостандығынан айырылды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Ол 2016 жылдың мамыры мен 2017 жылдың тамыз айы аралығында заңсыз кіріс әкелетін қаржылық пирамида құрды деп айыпталды. 

Істе 621 зардап шегуші бар. Сотталушыға 167 млн 466 мың теңге залал келтірді деген кінә тағылған.

Сот үкімімен Жақсыбаев алты жыл алты айға бас бостандығынан айыруға үкім шықты. Сотталушыға жеті жылға қаржылық кәсіпті басқаруға тыйым салынды.

Үкіммен келіспеген салымшылар судьяға кедергі келтіріп, айғай шығарды. Судья үкім оқып тұрып бірнеше рет тоқтауға мәжбүр болды. Сот үкімімен келіспеген салымшылар Жақсыбаевқа кісен салғызбаймыз деп айқайлап, сот залында төбелес шығарды.

Салымшыларды полицейлер бірнеше көлікке тиеп алып кетті. Полицейлер айқайшы салымшылардың арасында ақтөбелік журналистің де қолын қайырып машинаға салған.

Журналист полицейлердің үстінен шағым түсірмек.

"Қызметтік куәлігімді көрсеткеніме қарамастан қолымды қайырып, автобусқа салып алды. Басшыларыммен ақылдасып алып, журналистің кәсіби қызметіне кедергі жасап, өз өкілеттіліктерін асыра пайдаланғаны үшін прокуратураға шағымданатын болармын", - дейді журналист Жаңагүл Жүрсін.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
4
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel