RU

Полицейлер өз анасын өлтірді деген күдікпен 40 жастағы павлодарлықты ұстады

1 қаңтардан 2 қаңтарға қараған түні орын алған оқиға жөнінде павлодарлықтар әлеуметтік желі арқылы білген. Агенттіктің жолдаған ресми сауал хатына ұсынған жауапта облыстық полиция департаменті ақпаратты растады деп хабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: novostipmr.com
Көрнекі фото: novostipmr.com: Getty Images
"Полиция қызметкерлері қылмыстың ізін суытпай өз анасын өлтірген және туысқанына қастандық жасаған деген күдікпен 40 жастағы ер адамды ұстап, Павлодар қаласы полиция басқармасының уақытша ұстау оқшаулағышына қамады. Сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптама тағайындалды"- деді ведомствода.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771574-policejler-z-anasyn-ltirdi-degen-kdikpen-40-zastagy-pavlodarlykty-stady.html