Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстау облысында мереке күндері 12 жол апаты орын алған

Опубликовано:

Маңғыстау облысында жаңажылдық мереке күндері 12 жол-көлік апаты болып, салдарынан 26 адам зардап шеккен. Бұл туралы Жол патрульдік полициясы қызметін ұйымдастыру бөлімінің басшысы Біржан Жұмабаев Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімеді деп xабарлайды "ҚазАқпарат" агенттігі.

Көрнекі фото: mir24.tv
Көрнекі фото: mir24.tv: Twitter
"30 желтоқсан мен 2 қаңтар аралығында 12 жол-көлік оқиғасы болды. Зардап шеккендер саны 26 болғанымен, қайтыс болғандар тіркелген жоқ", - деді Біржан Жұмабаев.

Жалпы 2018 жылы аймақта 320 жол апаты орын алған. Нәтижесінде 83 адам қайтыс болып, 404 адам жарақат алыпты. Өңірде 2017 жылмен салыстырғанда көлік апаттарының саны азайған екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771575-magystau-oblysynda-mereke-knderi-12-zol-apaty-oryn-algan/

pixel