RU
Қарағанды облысында ақбөкендерді қырып тастаған полиция капитаны ұсталды (фото)

Қарағанды облысында ақбөкендерді қырып тастаған полиция капитаны ұсталды (фото)

Рассказать Вконтакте

Қарағанды облысында ақбөкендерді қырып тастаған полиция капитаны ұсталды деп хабарлайды Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетіне сілтеме жасаған NUR. KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Рейдттік іс шара барысында Қарағанды облысы Нұра ауданы Жанбөбек ауылынан 30 шақырым қашықтықта сынған екі джип көлігінен атылған киіктер табылған.

Тойота Ленд Крузер-100 және Тайота Ленд Крузер - 80 маркалы екі машинаның ішінде 18 киіктің өлексесі шыққан.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Инспекторлардың жедел іздестіру шарасы барысында, із кесумен Ұлытау ауданы Алғабас ауылына барған.

Ұлытау ауданы Алғабас ауылының участкелік полициясы М. Ж. Бралиновтың қорасынан атылған 12 киік табылған. Қазіргі сәтте аудандық ІІБ бөлімінің капитаны Бралиновтың үстінен ҚР қылмыстық кодекстің 337-бабы, 4-тармағы бойынша іс қозғалды деп мәлімдеді аталған комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Киіктерді заңсыз аулау оқиғасы желтоқсанның 25 күні анықталған.

Қазір оқиғаға өзгеде браконьерлердің бар жоғы анықталып жатыр

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Сіздің реакцияңыз
12
1
6
3
2
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel