Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау облыстық білім беру басқармасының басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Атырауда облыстық білім беру басқармасының басшылары ұсталды. Облыстың бас ұстазы Қайырғали Кенжеғалиев пен оның орынбасары Роза Қабдулова пара алды деген күдікке ілінген деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:Zakon.kz
Фото:Zakon.kz: Instagram

Екі қызметкерді де сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері жаңа жыл қарсаңында ұстаған.

Қолда  бар ақпаратқа сүйенсек, олардың жұмыс істеген техникасы мен құжаттары тәркіленіп, кабинеттері мөрленген.

Тергеу ақпаратынша, мемлекеттік сату-сатып алу келісімшарттарын тездетіп жасау үшін мердігер компаниялардың өкілдерінен аса ірі, яғни, 10 миллион теңге көлемінде пара алған.

Айта кетейік, 45 жастағы Кенжеғалиев бұл қызметке өткен жылдың желтоқсан айында тағайындалған болатын.

Осы оқиғадан кейін облыс басшылығы жиналыс өткізіп, мемлекеттік қызметшілердің атақ-абыройына нұқсан келтірген қос лауазымды тұлғаның ісіне қатысты пікір білдіріп, өзгелерге қатаң ескерту жасады.

"Әріптестеріміздің осындай жағдайға ұрынуы біз үшін жақсы емес. Қазір арнайы тексеру комиссиясымен аудитті шақыртқызып отырмын. Басқарманы түгел тексереміз", - деді Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771586-atyrau-oblystyk-bilim-beru-baskarmasyny-bassylary-para-aldy-degen-kdikke-ilindi/

pixel