RU
Алматыда "ауру ұлы үшін" қылмысқа барған ұрының өтірігі әшкере болды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда "ауру ұлы үшін" қылмысқа барған ұрының өтірігі әшкере болды

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласының қақ ортасында бойжеткеннің қымбат телефонын тартып алған жігіт "ауру ұлы үшін" ұрлық жасағанын айтып ақталған болатын. Алайда жігіттің сөзі өтірік болып шықты деп хабарлайды КТК арнасы.

Видеодан скриншот

Фото:Видеодан скриншот

Ер адамның бір жарым жастағы баласы бар екені рас екен. Бірақ ол науқас емес. Анасымен бірге Өзбекстанда тұрып жатыр.

Полицияның қолына түскен ұры, емге ақша қажет болғандықтан осындай қылмысқа барғанын айтып ақталған еді.

Мұны естіген жұрт оған жаны ашып, оны босатуды өтініп, тіпті қаржылай көмек көрсетуді ұсынған.

"Ақша не үшін керек болды деген сұраққа ұры "ауылыма қайту үшін", - деп жауап берді дейді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, Алматыда "ауру ұлы үшін" ұрлыққа барған жас жігіт қолға түскенін жазған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
3
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel