RU
Боксшы бір соққымен Порошенко күзетшісін өлтіріп тастады

Боксшы бір соққымен Порошенко күзетшісін өлтіріп тастады

Рассказать Вконтакте

Киев қаласының орталығында төбелес кезінде Украинаның мемлекеттік күзет басқармасының қызметкері көз жұмды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

ptzgovorit.ru

Көрнекі фото:ptzgovorit.ru

Басылымның мәліметінше, қақтығыс екінші қаңтар күні Саперное поле көшесіндегі тұрғын үй кешенінің ауласында болған.

Жәбірленуші иттерін серуендетіп жүрген ер адаммен жанжалдасып қалған. Ұрыс кезінде ер адам жәбірленушіні жағынан соққан. Ер адам жерге сұлқ құлаған.

Оқиға орнына жеткен медицина қызметкерлерінің әрекеттеріне қарамастан, ер адам есін жимастан тіл тартпай кеткен.

Қайтыс болған адам 26 жастағы мемлекеттік күзет басқармасының қызметкері екені анықталған. Ол мемлекеттің тұлғаларды қорғаумен айналысқан.

"Вести Украина" басылымының хабарлауынша, адам өлтірді деген күдікке ілінген ер адам сол тұрғын үй кешенінде тұратын боксшы Петр Очеретяный болып шыққан. Оның ауыр салмақта жекпе-жек өткізіп, Украинаның кәсіби бокс лигасында өнер көрсетіп жүргеніне он жыл болыпты.

Қазіргі таңда аталмыш факті бойынша Украинаның қылмыстық кодексінің 115 бабының 1 тармағы (Қасақана адам өлтіру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция күдіктіні іздестіріп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
0
1
5
2
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel