Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

77 жастағы британиялық миллионер 32 жастағы өзбек қызына үйленді

Опубликовано:

32 жастағы өзбек қызы Гули Мурадова ағылшын лорды және мультимиллионер Мұхаммед Илтафтың әйелі атанды. Олар бес жыл бойы кездескен. Жас қызға үйлену үшін миллионер бірінші әйелімен ажырасқан деп жазады kaktus.media басылымына сілтеме жасаған NUR.KZ.

kaktus.media
Фото:kaktus.media: Facebook

77 жастағы Мұхаммед Илтаф пен Гули Мурадова 2013 жылы Англияда танысқан. Ол кезде Гули даяшы болып істеген. 45 жас аралығына қарамастан олар кездесе бастаған. Лордтың әйелі Шайду Шихни бұл жайында біліп қойған. Алайда 25 жыл отасқандарына қарамастан, Мұхаммед Илтаф бірінші әйелімен ажырасқан.

Гули Мұрадова отанына қайтып кеткен, бірақ Мұхаммед Илтаф соңынан барған. Ол өзбек қызына ұсыныс жасап, олар 2018-ші жылдың желтоқсанында Grosvenor House қонақ үйінде үйлену тойларын өткізген.

Лордтың жаңа әйелі қызынан 15 жас кіші екен. Мурадова өзін "Леди Гули" деп атаған.

Жас жұбайлар Лондондағы шетелдік елшіліктердің шараларына қатысқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1771605-77-zastagy-britanialyk-millioner-32-zastagy-zbek-kyzyna-jlendi/

pixel