RU
Денис Теннің анасы ұлының өліміне қатысы бар үштік жайлы айтып берді
Жаңалықтар Қоғам

Денис Теннің анасы ұлының өліміне қатысы бар үштік жайлы айтып берді

Рассказать Вконтакте

Денис Теннің анасы ұлының өліміне қатысы бар үштік жайлы айтып берді. Сотта жауап беру барысында ол оқиғаның қалай өрбігенін жеткізді деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен. Фото: Sputnik / Александр Вильф

Денис Тен. Фото: Sputnik / Александр Вильф

"18 шілде күні бұл үштік Алматыға келіп жетті. Барлығы Қиясовтың ағасының үйінде тоқтайды. Жақсы тұрады. Бірақ олар қаланың ортасынан 22:00-де пәтер жалдайды. Наурызбай батыр/Мәметова көшесінен алады. Арзан аудан емес. Бірақ ол дәл сол жерден пәтер жалдауға шешеді.

Олар пышақ сатып алып, 19-ы күні пәтерде сағат екіге дейін болған. Ең қызығы, бұл уақытта Денис кафеге баруға келісімін берген. Жағдайдың барлығы сағат 14:00-де басталды", - деді Оксана Тен.

Ол күдіктілердің тергеушіге берген жауабын да айта кетті.

"Олар бұл ауданда қымбат көліктер көп болғандықтан таңдадық деді. Сағат 14:15 те Толыбаеваға қоңырау түседі. Олар Байтұрсынов көшесіне аяқ асты бұрылып кетеді. Қоңыраудың барлығы Толыбаеваға түсіп отырды. Жазбаға сәйкес, 14:18-де Денис кафеге кіреді.
Бейнежазбаға сәйкес, үш минуттан соң күдіктілер сол жерден өтеді. Өз жауап беруінде олар Толыбаеваны алғылары келмегенін де айтты. Бірақ ол "өзі барып алған" деді. Ол телефонына қарап, артынан еріп кеткенін жеткізді жауаптарында. Алайда, бейнежазбада оның белсенді болғанын байқауға болады. Ол ұялы телефонға қарамады. Ал әлгі екі айна Денис құлаған жерде жатқан", - деді Оксана Тен.
Сіздің реакцияңыз
6
1
6
14
1
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel