RU
Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы басталды

Алматыда Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы басталды

Рассказать Вконтакте

Алматыда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті. Бүгінгі тыңдалымда жәбірленуші жақтан марқұм спортшының анасы Оксана Тен жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен. Фото:© Sputnik / Александр Вильф

Денис Тен. Фото:© Sputnik / Александр Вильф

Ол ұлының өліміне қатысты өз ойын айтты.

"Мен бұл жағдайдың жай ғана ұрлық екеніне басынан бастап сенген жоқпын. Ана жүрегім сезді. Іспен жақын таныса бастаған сайын бұл ойымның рас екеніне көзім жете бастады", - деді Оксана Тен.

Оған қоса, спортшының анасы бұл оқиғада шынайы қылмыскерлердің ұсталғанын мәлімдеді.

Оксана Тен аз уақытта күдіктілерді тұтқындаған тәртіп сақшыларына алғыс білдірді.

"Денис негізі мүлде ашушаң емес болатын. Алайда оның бұлай әрекет етуі үшін бұлардың не істегенін білмеймін. Ашуына қатты тиген болар. Оны ашуға бой алдыруға әдейі мәжбүр еткен" , - деді Оксана Тен.
Сіздің реакцияңыз
2
0
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel