Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің анасы ұлының тапсырыспен өлтірілгеніне сенімді екенін айтты

Опубликовано:

Оксана Тен ұлының өліміне қатысты өз нұсқасын келтірді. Спортшының анасы қайғылы жағдай күні не болғанын егжейлі-тегжейлі түрде айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: UGC
"Айнаны бірінші болып Құдайбергенов шешкен. Олардың жауаптарына қарасақ, сол жерде он минуттай бір нәрсені күткен. Екі айнаның шешілу уақытының арасы 15 минут. Ол кезде Қиясов пышақты жерге тастап, ойнап отырады. Мұны Қиясовтың өзі жауап беру барысында өзі айтты. 14:52-де Денис мейрамxанадан шығып, көлікке қарай барады. Сол кезде Киясов пен Құдайбергенов айна шешіп жатқан.

Ал Толыбаеваның жауабына сүйенсек, Қиясов белгісіз себеппен тұрған орнына қайта оралады. Сол сәтте Денис өз көлігіне құлағында құлаққабымен ән тыңдап бара жатқан. Толыбаева оның көлік иесі екенін қайдан білді сонда? Ол түк байқамастан, көлігіне жақындады. Сол кезде Денис Құдайбергеновты көреді. Ол өз кезегінде шешіп тастаған көліктің айнасын Денистің қолына ұстатты.

Қандай ұры өзі қолды еткен нәрсесін оның иесіне қайтарып береді. Оған қоса, онымен ұрыса бастайды. Құдайбергенов Дениске не дегенін білмеймін. Бірақ оның сөзінен кейін ұлым ашуланып кетеді. Артынан Құдайбергенов қашпақ болып, өтіп бара жатқан көліктің үстіне құлайды. Содан кейін ол біртүрлі әрекет жасаған. Құдайбергенов Денистің көлігінен айналып өтіп, спорт алаңына қарай барды. Демек, оның қашқысы келмеген.

Олардың Артынан пышақпен ойнап тұрған Қиясов жүгіріп барды. Толыбаева сол сәтте қорқып кетіп, оқиға орнынан кетіп қалады. Неден қорықты? Сонда істің немен аяқталатын білгені ме? Олардың спорт алаңына қарай барғанына бірнеше себеп болуы мүмкін. Біріншіден, ағаш көп болған соң, қылмыс көрінбесін деген шығар. Екіншіден, мүмкін ол жерде бір адам тұрған шығар. Үшіншіден, сол сәт жан-жаққа көрінетіндіктен, біреу қылмысты тамашалап тұрсын деген болар" , - деді Оксана Тен.

Марқұмның анасы бұл оқиғаның ұрлық екеніне сенбейтінін айтты.

"Мен бұл ойға барлығын сараптап болғасын келдім. Олар, тіпті айнаны да алып кетпеген. Мақсат басқа болған. Денисте ана айналардан да қымбат нәрсе болды. Әмиян, құлаққап, ноутбук және тағы да басқа бағалы заттар болды. Олар ештене алып кетпеді. Себебі, олар тек қана өлтіру үшін барды деп ойлаймын", - деді Денистің анасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771612-denis-tenni-anasy-lyny-tapsyryspen-ltirilgenine-senimdi-ekenin-ajtty/

pixel