RU

11 әйелді зорлап өлтірген азамат өлім жазасын кесілді

Қытай билігі Гао Ченген есімді қауіпті қылмыскерді өлім жазасына кесті. Ол 30 жыл бойы жазадан жалтарып келген деп хабарлайды Фокус сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Independent
Фото: Independent: Facebook

54 жастағы Гао Ченген Байинь қаласында 1988 жыл мен 2002 жыл арасында 11 әйелді зорлап өлтірген.

Жергілікті полицияның хабарлауынша, қылмыскер қызыл киім киген әйелдерді аңдыған. Құрбандарын зорлап, артынша өлтіріп отырған. Оның қолынан қаза тапқан 8 жасар қыз да болған.

Полиция қылмыскерді 2016 жылы 26 тамызда ұстаған.

Байинь қаласындағы орташа сатыдағы халық соты өткен жылдың наурыз айында 11 әйелді зорлап өлтірген қылмыскерді кінәлі деп таныған болатын. Нәтижесінде қылмыскерді ең ауыр жазаға кескен болатын.

"Қытайдың жоғарғы халық соты төрағасының үкімін орындау барысында 3 қаңтар күні қылмыскер Гао Чэнъюнді өлтірді, - деп хабарлайды жергілікті сот.

Ол бірінші қылмысынан кейін 28 жылдан соң тұтқындалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771615-11-jeldi-zorlap-ltirgen-azamat-lim-zazasyn-kesildi.html