RU

Астанада тағы бір автобус отқа оранды

Астана қаласында отқа орнаған автобустың суреті Instagramдағы astana_brothers паблигінде жарияланған деп хабарлайды NUR.KZ.

youtube.com
Көрнекі фото:youtube.com: Facebook

Astana LRT транспорттық бақылау департаменті оқиға үшінші қаңтар күні Бейбітшілік көшесінде болғанын мәлімдеді.

"№9-шы бағдарлы автобустың мотор бөлігі өртене бастаған. Өрт артқы капоттың ішкі қаптамасының қызып, қақпақша корректоры ығысып кетуінен шыққан", - деді Astana LRT өкілдері.

Автобус жүргізушісі шұғыл жолаушыларды көліктен шығарып, өрт сөндіргіш құралдың көмегімен отты ауыздықтаған.

Транспорттық компания өкілдері жапа шеккендер мен құрбандар жоқ екенін мәлімдеді.

Еске сала кетейік, үшінші қаңтар күні Астана қаласында жолаушы тасымалдайтын автобус өртенген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771617-astanada-tagy-bir-avtobus-otka-orandy.html