RU
Тимати сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады (фото, видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Тимати сүйіктісіне үйлену туралы ұсыныс жасады (фото, видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейлік Рэп орындаушы Тимати мен сүйіктісі Анастасия Решетова Жаңа жылды Францияда қарсы алды. Өздерінің қарым-қатынастарын жұрттан жасырмайтын болған. Суреттерден Решетованың қолынан неке жүзігін байқау қиын емес. Тиматидің оқырмандары үйленудің жақында өтетінін болжауда деп жазады СтарХит сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Өткен жылы Тимати мен Анастасия Решетованың қарым-қатынасы оқырмандардың бақылауында жүрді.

Ғашықтар жеке өмірлері жайлы көп бөлісе қойған жоқ. Кейде әлеуметтік желіде бірге түскен фотоларын жүктеп, оқырмандарын қызықтырып жүрді.

Көптің күткені орындалып, жаңа жылда Тимати Решетованы Парижге шақырып, Эйфель мұнарасының алдында гаухар жүзікті сыйға тартты.

Үйлену туралы ұсыныс қос ғашықтың биімен жалғасын тапқан.

Анастасия Решетова бақытты екенін білдірді. Ол өзінің оқырмандарына естен кетпес сәттің әйтеуір орын алғанын айтты.

Сондай-ақ Инстаграм парақшасында Тиматимен Эйфель мұнарасының алдында түскен суретті жүктеп "Жаңа жыл сіздер мен бізге жаңа бақыт алып келсін", - деген жазба қалдырды.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
0
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel