Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Денис Теннің анасы ұлының соңғы минуттары жайлы айтып берді

Опубликовано:

Денис Теннің анасы ұлының өмірінің соңғы минуттарын айтып берді. Спортшының анасы күдіктілерден бұл қылмысты не үшін немесе кім үшін жасағанын сұрады деп хабарлайды NUR.KZ.

Оксана Тен. Фото: Sputnik/Владислав Воднев
Оксана Тен. Фото: Sputnik/Владислав Воднев: UGC
"Ер адамға сай емес әрекет жасадыңдар. Денисті екеуі бола тұра жыға алмады. Ол тіпті пышақ жарақатын алса да, аяғында нық тұрды. Куәгердің айтуынша, ол ешкімнен көмек сұрамаған да. Есінен танып қалған соң, жерге құлаған. Ал қылмыскерлер болса қашып кетті" , - деді марқұмның анасы.
"Бұлардың қылмысқа баруына не түрткі болғанын өздерінен сұрау керек. Бірақ, бұл жай ғана ұрлық екеніне мен мүлде сенбеймін. Меніңше, бұл алдын ала жоспарланған, тапсырыспен жасалған қылмыс. Басты мақсаты құнды заттар емес, адам өлтіру болды деп есептеймін", - деді Оксана Тен.

Сондай-ақ Оксана Тен ұлының өліміне қатысы барлар қылмыс жасап қана қоймай, Қазақстанды күллі әлем алдында ұятқа қалдырғанын айтты.

"Бұл адамдар елінің мақтанышының өмірін қыршынынан қиып, өз мемлекетінің масқарасын шығарды. Біз мұндай зұлымдықтарға толы мемлекет емеспіз. Біз зайырлы, тәуелсіз елде тұрамыз. Денис өз мемлекетін қатты сүйді. Шетелдік достарын да жиі шақырып тұрды", - деді Оксана Тен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771625-denis-tenni-anasy-lyny-sogy-minuttary-zajly-ajtyp-berdi/

pixel