RU
Оксана Тен: Құдайбергенов қылмысынан кейін танысынан бес мың доллар талап еткен

Оксана Тен: Құдайбергенов қылмысынан кейін танысынан бес мың доллар талап еткен

Рассказать Вконтакте

Марқұм мәнерлеп сырғанаушының анасы Оксана Тен Құдайбергеновтың қылмыстан соң танысынан бес мың доллар талап еткенін хабарлады деп жазады NUR.KZ.

instagram/sputniknews.kz

Коллаж:instagram/sputniknews.kz

"Мұны кім үшін және не үшін істедіңдер" деген сұрақ туындайды. Ақша табу үшін. Толыбаева несиесін жабуға тиіс еді. Құдайбергенов танысынан бес мың доллар талап еткен. Ақшаны не үшін сұрағаныңа жауап бере алмадың ғой", - деді Оксана Тен сотталушыға.

Оксана Теннің сөзінше, олардың арнайы дайындалғандығына дәлелдер бар.

Толыбаева мешітке келген кезде белгілі бір сим-картасы бар телефонды алып келген. Мешіттің жанында кездескеннен кейін Құдайбергенов сим-картаны лақтырып жіберген. Ол неден қорыққаны белгісіз.

Оксана Теннің айтуынша, Құдайбергенов үнемі жаңа сим-карта сатып алып, сөйлескеннен кейін оларды лақтырып отырған.

"Сөзімді аяқтамас бұрын, автоұрылар пышақ алып, қаланың ортасында адам өлтіретін мемлекетте тұрып жатпағанымызды айтқым келеді. Бұған көпшілікті сенбеуге шақырамын. Денис біздің елдің өкілі еді. Басқаларды біздің елге шақырды.
Бұл Денистің жарқын мінезді, қонақжай адам ретінде көрсетеді. Денистің осындай болмайтын себептен көз жұмғаны өкінішті. Сондықтан мен тұтқындалғандардың мойнына "елінің намысын түсірді"деген жауапкершілікті артамын. Біз әлі көпке дейін бұл арсыздықтың дағынан құтыла алмаймыз. Ел намысын жерге таптап, сендер отандарыңа опасыздық жасадыңдар", -деп мәлімдеді Оксана Тен.

Айта кетейік, бүгін Алматыда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Сондай-ақ Денистің анасы ұлы тамақтанған кафенің директорына қатысты мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар Оксана Тен Денистің өлімі тапсырыспен болғанына сенімді екенін айтты.

Сіздің реакцияңыз
0
1
2
10
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Mailfire view pixel