RU
Таиландтағы дауыл кезінде бір турист қайтыс болды
Жаңалықтар Әлемде

Таиландтағы дауыл кезінде бір турист қайтыс болды

Рассказать Вконтакте

Таиландтағы Самуи аралында суға түскен Ресей азаматы көз жұмды деп хабарлайды lenta.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:pattayapeople.ru

Фото:pattayapeople.ru

Қайғылы оқиға Самуи аралында дауыл кезінде болған. 56 жастағы ресейлік толқын күшіне төтеп бере алмаған баласын құтқарамын деп, өзі ажал құшқан.

Ер адам ұлына көмектесе алған. Алайда толқындар оны жартастарға алып кетіп, басы тастарға соғылған. Соққы салдарынан ер адам оқиға орнында көз жұмған.

Еске сала кетейік, Таиландқа қарай "Пабук" дауылы бара жатыр. Ол соңғы 50 жылда болған ең алапат дауыл болмақ.

Қазақстандықтар табиғаттың мұндай дүлей күшіне дайын емес туристік аймақтардан жаппай кетіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel