Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Головкиннің промоутерімен әрі қарай жұмыс істейтіні рас па?

Опубликовано:

Twitter желісінде шетелдік бокс жанкүйерлері қазақстандық боксшы Генадий Головкиннің промоутері Том Леффлермен әрі қарай жұмыс жасамауы мүмкін деген ақпаратқа байланысты пікірлерін білдірді деп жазады Sports.kz cайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

фото: sports.kz
фото: sports.kz: Facebook

Желі қолданушыларының пікірі екіге бөлінген.

Бірінші тарап "Леффлердің бокстан хабары жоқ", "Головкин Леффлермен бірге атақты бола алмайды", "Бұрыннан басқа промоутерге барғаны дұрыс еді" деген пікірлері арқылы осы ақпаратқа қуанғанын білдірді.

Екінші тарап болса Леффлермен жұмыс жасамайтынына өкініп жатқанын жеткізген.

Олар "Леффлер Головкинге дұрыс жол көрсетіп, жұмысын әділ жасады", "Головкинді мультимилионерге айналдырды. Енді мансабын сонымен аяқтамаса, өкінішті" деді.

Кейбір оқырмандар Головкин болашақта Эдди Хирнмен бірге жұмыс жасаса деген ұсыныстарын жазыпты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1771644-golovkinni-promouterimen-ri-karaj-zmys-istejtini-ras-pa/

pixel