RU

Оксана Тен: Күдіктілердің ешбірі әлі кешірім сұрамады

Оксана Тен ұлының өліміне күдіктілердің әлі де кешірім сұрамағанын айтты. Ал Қиясов, Құдайбергенов және Толыбаева өз кінәсін мойындамай отыр деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: NUR.KZ
Фото: NUR.KZ: Instagram
"Іс басталғалы бері бұлар менен бір рет те кешірім сұраған жоқ. Кінәсін мойындамағанымен қоса, олар істеген қылмысына өкінбейтін де секілді. Оған олардың тергеу барысындағы маған деген қарым-қатынасы дәлел", - деді ол.

Айта кетейік, бүгін Алматыда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Сондай-ақ Денистің анасы ұлы тамақтанған кафенің директорына қатысты мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар Оксана Тен Денистің өлімі тапсырыспен болғанына сенімді екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1771645-oksana-ten-kdiktilerdi-esbiri-li-kesirim-sramady.html