Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жүрегінде қан қалмаған": Оксана Тен ұлының ауруxанаға қандай күйде жеткізілгенін айтты

Опубликовано:

Денис Теннің анасы ұлының ауруxанадағы жағдайы туралы айтып берді. Қайғыдан қан жұтқан ана Денистің өмірі үшін күрескен дәрігерлерге алғыс айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Денис Тен. Фото:kp.ru
Денис Тен. Фото:kp.ru: Instagram
"Оның өміріне қауіп төндірерлік жарақат салынды. Мұндай пышақ соққысынан адамдар аурухана үстелінде де қайтыс болып жатады. Саннан кеткен қанды тоқтату барлығынан да қиын. Сол себепті, олар бұл жарақатты біле тұра жасады деп ойлаймын.

Мен ауруxанаға барғанымда Денистің жүрегінде қан қалмаған. Дәрігерлер қолынан келгеннің барлығын жасады. Тіпті шамадан тыс нәрселер жасады. Бірақ амал қанша ұлымның өмірі осылайша қиылды", - деді Оксана Тен.

Айта кетейік, бүгін Алматыда қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотта Денис Теннің өліміне қатысты кезекті сот отырысы өтті.

Сондай-ақ Денистің анасы ұлы тамақтанған кафенің директорына қатысты мәлімдеме жасады.

Сонымен қатар Оксана Тен Денистің өлімі тапсырыспен болғанына сенімді екенін айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1771650-zreginde-kan-kalmagan-oksana-ten-lyny-auruxanaga-kandaj-kjde-zetkizilgenin-ajtty/

pixel