Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Отандық футболшының анасы 75 млн қарызын қайтармаған ұлын сотқа берді

Опубликовано:

20 қараша күні Алматы қаласы Бостандық аудандық сотында Гурман Вера Алексеевна мен Гурман Марк Михайловичтің және оның сол кездегі жұбайы Гурман Анна Олеговнаның арасындағы сот аяқталды. Бұл туралы sportX.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: sportX.kz
Фото: sportX.kz: Facebook

Сотта арызданушы Гурман Вера Алексеевна жауап беруші ұлы Гурман Марк Михайлович пен оның сол кездегі жұбайы Гурман Анна Олеговнадан 75 млн теңге қарызы мен 1 млн 577 мың теңге тұрақсыздық айыбын төлеуді сұраған.

Сот шешіміне сәйкес құраманың бұрынғы ойыншысы Марк Гурман 2015 жылдың 18 қазанында қолхат арқылы 2018 жылдың 1 шілдесінде қайтару талабымен анасынан 75 млн теңге қарызға алған. Алайда, ол өз уәдесін орындамаған.

Ал Марк Гурман сотқа қазіргі уақытта қаражаттың жетіспеушілігінен қарызды қайтара алмайтынын айтыпты.

Футболшының сол кездегі жұбайы Анна бұл арыз талаптарын мойындамайтынын жеткізген. Ол талапкерден ешкімнен қарыз алмағанын, осы уақытқа дейін біреудің алдында ақша қайтаруға міндетті екенін білмейтінін мәлімдеді.

Нәтижесінде сот жауапкерден 75 млн 100 мың теңге, сондай-ақ 751 000 (жеті жүз елу бір мың) теңге көлемінде мемлекеттік баж салығын төлеу бойынша сот шығындарын өндіріп алуға қаулы етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/football/1771656-otandyk-futbolsyny-anasy-75-mln-karyzyn-kajtarmagan-lyn-sotka-berdi/

pixel